Қобызшы, Халық әртісі Роза Рымбаеваның келіні Ақерке Бүркітбай жеке өмірі туралы сұраққа жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.
“Көп жағдайда алғашқы бір жылдықта көп отбасы ажырасады. Бірінші бала дүниеге келгеннен кейінгі жыл мүлдем қиын болады деп қорқытқан еді. Бірақ осы бес жылдық өмірімізде, Аллаға шүкір, қатты ұрысып, бір-бірімізге ауыр сөз айтып, бет жыртысқан кез болған жоқ. Біз түсінісіп келе жатырмыз, жарты сөзден-ақ бір-бірімізді ұғамыз, қолдау көрсетуге тырысамыз", - деді Тимур Балымбетовпен сұхбатында.
Қобызшы алғашында жолдасы, әнші Әлидің мінезін қабылдау қиын болып, қиналған кездері болғанын жасырмады.
“Қатеміз болса, оны айтуға тырысамыз. Бұрын Әли кішкене қаттырақ айтатын, тік сөйлейтін. Сол сәтте мен көңіліме алып, жылап қалатын кездерім болатын. Оның дұрыс екенін түсінемін, бірақ бірден қабылдау қиын еді. Дегенмен осы бес жылда бір-бірімізге компромисс жасап, ойымызды жұмсақ жеткізуді үйрендік", - деді Ақерке Бүркітбай.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.