Бүгін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, - делінген Ақорданың хабарламасында.
Сондай-ақ агенттіктің бұрынғы төрағасы лауазымынан босатылғаны туралы:
Мемлекет басшысының Жарлығымен Жандос Нұрланұлы Шаймарданов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылды, - деп хабарлады Ақорда.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.