Ішкі істер министрлігіндегі тағайындау туралы бүгін Ақорданың ресми ақпаратынан белгілі болды.
Президент Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасын тағайындады
776
оқылды
Мемлекет басшысының өкімімен Абай Қайырбеков жаңа қызметке тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Абай Серікұлы Қайырбеков Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорданың ресми хабарламасында.

Абай Қайырбеков 1975 жылы 29 мамырда Қарағанды облысында дүниеге келген. 1997 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, 2002 жылы Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Абай Қайырбеков Ішкі істер органдарында 1998 жылдан бастап жұмыс істейді. Қызметін кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі жедел уәкіл қызметінен бастаған. Ұзақ жылдар ҚР ІІМ ведомстволарында түрлі лауазымдарда болған. 2011 жылдан бастап ІІМ орталық аппаратында басшылық қызметтер атқарды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.