Әйел бейәдеп сөздер айтып, жәбірленушінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірген.
WhatsApp арқылы өзгені балағаттаған астаналық әйел қомақты айыппұл төлейтін болды
Фото: istockphoto
725
оқылды

Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қорлау фактісі бойынша жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қалалық соттың мәліметінше, 2024 жылы 8 қыркүйек пен 20 қазан аралығында сотталушы К. WhatsApp мобильді қосымшасы арқылы М.-ға мәтіндік және аудио хабарламалар жіберген.

«Онда бейәдеп сөздер айтып, әдепсіз түрде қорлап, осылайша оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірген», – делінген хабарламада.

Жәбірленуші айыптауды қолдап, соттан санкция аясында жаза тағайындауды сұрады.

Сот сотталушының шын жүректен өкінгенін және оның жас баласының болуын ескере отырып, қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдетті.

«Сот К.-ны Қылмыстық кодекстің 131-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 20 АЕК мөлшерінде (73 840 теңге сомасында) айыппұл түрінде жаза тағайындады. Сондай-ақ сотталған К.-дан жәбірленушінің пайдасына моральдық зиянды өтеу есебіне 100 000 теңге, өкілдік шығыстарына 250 000 теңге, сараптама жүргізуге 130 000 теңге мөлшерінде шығыстар өндірілді», – делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.