Қазақстан азаматы Қырғызстандағы Қаракөл тау шаңғысы курортында қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24.kg-ге сілтеме жасап.
Ыстықкөл облыстық Ішкі істер басқармасының мәліметінше, қайғылы оқиға 27 ақпан күні шаңғы трассасында болған.
«Оқиға орнына дереу жеткен жедел-тергеу тобы 43 жастағы қазақстандық сноуборд теуіп жүріп, досымен соқтығысқанын анықтады. Ер адам алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында көз жұмды», – делінген ақпаратта.
Қазір барлық тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.