Нұрлан Есембаев ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Нұрлан Абайұлы 1980 жылы 11 маусымда Павлодар облысы Успен ауданының Богатырь ауылында дүниеге келген.
Павлодар университетін (2003 ж.), Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын (2006 ж.), С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін (2016 ж.) «автомобиль және автомобиль шаруашылығы», «дене шынықтыру және спорт» және «саясаттану» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2004 жылы Павлодар облысы Константиновка орта мектебінде өндірістік білім беру шебері болып бастаған.
Әр жылдары аймақта спорт және дене шынықтыру саласында қызмет атқарды. Павлодар облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасында жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы болып жұмыс істеген.
Павлодар облысы Туризм және спортты дамыту басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы, кейін басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.