Финалдық бәсеке 2 наурызда өтеді.
Странджа турнирі: Финалға шыққан боксшылардың қарсыласы белгілі болды
Фото: Бокс федерациясы
3,236
оқылды

Болгария астанасында өтіп жатқан бокстан халықаралық «Странджа кубогында» әйелдер боксы бойынша Қазақстаннан алты боксшы финалға шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Олардың қарсыласы да белгілі болды.

48 келі. Әйгерім Сәттібаева vs Мевда Асенова (Болгария)

54 келі. Әнел Сақыш vs Ярем джам Нилай (Түркия)

57 келі. Айдана Забынбекова vs Ши-и Ву (Қытай)

60 келі. Римма Волосенко vs Донжета Садику (Косово)

81 келі. Жібек Жарасқызы vs Риду Бу (Қытай)

+81 келі. Ләззат Күнгейбаева vs Дина Исламбекова

Айта кетейік, финалдық бәсеке 2 наурызда өтеді.

Ал финалға өте алмаған сегіз боксшы жарысты қола жүлдемен аяқтады. Қола медальға ие болған спортшылар: Элянур Турганова (50 келі), Жансая Рахымберді (52 келі), Жазира Орақбаева (52 келі), Сымбат Әлиасқар (54 келі), Лаура Есенкелді (63 келі), Гаухар Шайбекова (66 келі), Азиза Исина (70 келі), Шұғыла Нәлібай (75 келі).

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.