Биыл Рамазан айы 1 наурыз бен 29 наурыз аралығында өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Ораза айт» мерекесі 30 наурыз күніне жоспарланған. Осы жылы ораза 29 күнге созылады. Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалынан 15 мешіт қызмет атқарады.
Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір Астана қаласының әкімдігі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қала бойынша өкілдігімен және тиісті мемлекеттік мекемелермен бірлесе дайындық және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Сондай-ақ Рамазан айы күндері діни өзекті мәселелер бойынша туындаған сұрақтарға тәулік бойы «109» сall-center арқылы ақпарат алуға болады.
Қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында, тиісті мемлекеттік органдар Рамазан айы кезінде қоғамдық тәртіпті қорғауға ерекше көңіл бөледі. Қауіпсіздік шаралары мешіттер мен басқа да көпшілік жиналатын орындарда күшейтіліп, тұрғындарға қауіпсіз және жайлы жағдай жасау қамтамасыз етіледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.