Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев барша қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады, — деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – қоғамда өзара ілтипат пен ықыласты арттыратын айрықша мереке. Осы күні құрмет, ізет, сыйластық сияқты ұлтты ұйыстыра түсетін құндылықтар насихатталады», – деді Әшімбаев.
Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әділетті Қазақстан қалыптастыру жолында бірлік пен ынтымақ маңызды рөл атқаратынын әрдайым айтып келеді.
«Алғыс айту күні дәл осы бағытқа серпін беріп, ауызбіршілікті нығайта түсетіні анық. Сондықтан еліміз үшін бұл атаулы датаның мәні зор.
Баршаңызға алғыс айта отырып, зор денсаулық, мол игілік, шаттық және қуаныш тілеймін!
Алғыс айтар сәттеріміз көп болсын!», – деп жазады Төраға.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.