Жарылыс «Қазхром» трансұлттық компаниясына қарасты «Болашақ» шахтасында болды.
Шахтада тағы жарылыс: кен байыту комбинатында төрт адам зардап шекті
Фото: istockphoto.com
426
оқылды

Ақтөбе облысындағы кен байыту комбинатының шахтасында жарылыс болып, төрт жұмысшы күйік жарақатымен ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Оқиға «Қазхром» трансұлттық компаниясына қарасты «Болашақ» шахтасында болған. Жарылыс кезінде кеншілер кен өндіру блогында бұрғылау жұмыстарын жүргізіп жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша, ауадан жиналған газ тұтанып, жарылыс болған.

Зардап шеккен жұмысшылардың жағдайы нақтыланып жатыр, ал шахтадағы кен өндіру жұмыстары уақытша тоқтатылды. Қазіргі уақытта оқиға орнында тергеушілер мен еңбек инспекциясы мамандары жұмыс істеп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.