Пойыздың локомотиві мен 11 бос вагоны рельстен шығып кетті.
Атырау облысында пойыз жүк көлігімен соқтығысты: жарақат алғандар бар
Фото: видеодан кадр
759
оқылды

Атырау облысында теміржол өткелінде жүк пойызы жүк көлігімен соқтығысып, бірнеше адам жарақат алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 1 наурыз күні сағат 10:20-да Теңдік стансасында болған. Алдын ала ақпарат бойынша, жол апатына жүк көлігі жүргізушісінің жол қозғалысы ережелерін бұзуы себеп болған.

Соқтығыс салдарынан локомотив бригадасының мүшелері жарақат алды, ал пойыздың локомотиві мен 11 бос вагоны рельстен шығып кетті.

ҚТЖ мәліметінше, 2024 жылы теміржол өткелдерінде көлік жүргізушілерінің ереже бұзуынан 28 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.