Қойды шанаға отырғызып, оны төбеден сырғанатуға тырысқан ер адамның видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.
Ақтауда қойды шанаға салып ойнағандардың видеосы тарады
Фото: видеодан кадр
578
оқылды

Біреулер бұл әрекетті әзіл деп қабылдаса, енді біреулері жануарға жасалған зорлық ретінде бағалап, кінәлілерді жауапқа тартуды талап етіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Instagram-да тараған кадрларда ер адам қойды шанаға отырғызып, төбеден бірге сырғанағанын көруге болады. Жануар құлап, қашуға тырысқанымен, оны қайта ұстап, шанаға мәжбүрлеп отырғызады.

Бейнежазбада адамдар тобының сырғанап келіп, құлаған қойға соғылған сәттері де бар. Кейбір желі қолданушылары бұл қой иесіз болуы мүмкін екенін, ал видео авторы оны ермек ретінде пайдаланып, қызық жасағысы келгенін айтады.

Ақтау тұрғыны Аделина Рахметова өзінің жеке блогында бұл әрекетті айыптап, пікір білдірді.


«Пікірлерді оқысаңыз, адамдардың 90 пайызы бұл көрініске күліп отыр. Егер мұны күлкілі деп санаса, онда олардың психологиялық кеңеске жүгінгені жөн. Бұл – жануарларға жасалған қатыгездік. Қазақстанда мұндай әрекет үшін Қылмыстық кодекстің 316-бабы бойынша айыппұл немесе қамау жазасы қарастырылған», – деп жазады тұрғын.

Рахметова сондай-ақ оқиға туралы жазған танымал парақшалардың оның сыни пікірлерін өшіріп тастағанын айтты. Ол қоғамда мұндай жағдайға бей-жай қарамай, жануарларға зорлық-зомбылық жасаған адамдардың жазалануы керектігін атап өтті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.