Ресейдің Тергеу комитетінің аймақтық департаменті бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ведомствоның мәліметінше, 28 ақпанда Луначарский көшесіндегі пәтерден баланың қайтыс болғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына жеткен тергеушілер үйдің адам тұрғысыз күйде екенін анықтады – бөлмелер қоқысқа, лас киімдерге толы, санитарлық талаптар өрескел бұзылған.
«Баланың денесі антисанитариялық жағдайда табылды. Пәтердің тұрмысқа жарамсыз екені анықталды», – делінген Тергеу комитетінің хабарламасында.
Абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«РЕН ТВ» арнасының хабарлауынша, қайтыс болған баланың анасы мен онымен бірге тұратын ер азамат бұрын сотты болған. Олар пәтердегі жағдайды жөндеу жұмыстарымен түсіндірген. Сонымен қатар тергеу барысында кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін орындамау фактісі анықталып, қосымша қылмыстық іс қозғалды.
26 жастағы анаға профилактикалық бақылау шарасы тағайындалды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.