Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы «Ақжайық» жеке қорынан су тасқынының салдарын жою үшін жиналған қаржының қалай жұмсалғанын тексеруді көздеп отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz «Уральская неделя» сайтына сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысы бас прокурорының бірінші орынбасары Дәурен Омарғалиевтің айтуынша, облыста табиғи апаттан зардап шеккен адамдар мен кәсіпкерлерге 81 млрд теңге берілген. Оның ішінде 13 млрд теңге – бюджет есебінен, қалған 68 млрд теңгені кәсіпкерлер берген.
«Перизат Қайрат ісін бәрі естіген шығар. Қазір Қаржы мониторингі агенттігі оның қылмыстық әрекетін тергеп жатыр, сонымен қатар Антикор демеушілердің қаржысын жымқыру бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Жәбірленушілерге көмек көрсетуге бағытталған қаражатты ұрлау фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істердің көптігін, сондай-ақ біздің қаржыландыруымыз «Ақжайық» жеке қоры арқылы жүзеге асырылатынын ескере отырып, оның қызметі қалай жүргізілгені бойынша тексеруді бастауды ұсынамыз», – деді прокурор.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.