1500 үміткер 500-ден астам жұмыс орнына сұхбат өтуге мүмкіндік алды.
«Заңгер, мобилограф, маркетолог қажет»: Астанада бос орындар жәрмеңкесі өтті
Астана әкімдігінің ресми сайты
612
оқылды

Елордада түрлі салалардан 100 жұмыс берушіні жинаған бос орындар жәрмеңкесі өтті, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Астана әкімдігінің ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, 1500 үміткер 500-ден астам жұмыс орнына сұхбат өтуге мүмкіндік алды.

Ниет білдірушілерге мұғалім, бухгалтер, кенші, электрик, арнайы техника жүргізушісі, механик, инженер, байланысшы, санитар, заңгер, мобилограф, маркетолог және тағы да басқа жұмыс орындары ұсынылды.

«Жәрмеңке қала тұрғындарына әртүрлі деңгейдегі жұмыс орындары мен еңбек жағдайлары туралы білуге мүмкіндік берді. Жалақының орташа деңгейі лауазымға байланысты өзгереді, бірақ көптеген позиция жұмыс тәжірибесінсіз де қолжетімді. Жұмыс іздеушілердің қызығушылығын ыңғайлы кестесі мен карьералық өсу мүмкіндігі бар бос орындар тудырды», - деді Астана қаласы Нұра ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы Руслан Сәбитов.

Қызметкерлерді іздеуге мемлекеттік органдар, уран өндіру, машина құру зауыттары, коммуналдық мердігерлік ұйымдар, банктер, супермаркеттер, бөлшек сауда дүкендері, емханалар, балабақшалар мен мектептер қатысты.

Жәрмеңкеге 20-50 жас аралығындағы тұрғындар барды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз