Актриса әлеуметтік желіде кезекті сұрақ-жауап науқанын бастады.
«Жыртыңдап шыға бермейін дедім»: Дариға Бадықова неліктен көрінбей кеткенін айтты
Фото: instagram.com/dariga_badykova
719
оқылды

Оның оқырмандары түрлі сұрақ қойып, актрисаның неге кейінгі кездері көрінбей кеткенін ерекше атап өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz

«Жыртыңдап шыға бермейін дедім. Әзірге мүлдем жоғалып кететін мен жоқ», – деп жауап берді Дариға Бадықова.

Айтуынша, көбісі оны көкірек, жүрегі қатты деп ойлайды.

«Мен лапухпын негізі. Дарылдап жүретіндердің арамдығы аз. Жеке бастарын ойламайды. Өзімді солай көрсетіп, оттай берем», – деді актриса.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»TELEGRAM арнасынан табасыз.