Ақтөбе облысы Байғанин ауданы мәслихатының депутаты Болат Аяпқа шабуыл жасағаны үшін айып тағылған болатын, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
HALYQSTAN басылымы хабарлағандай, «Жарлы» балабақшасындағы еден жуушы Күнсұлу Намазбаева 62 жастағы депутат Болат Аяптың үстінен шағым түсірді.
Көз жасын сүрткен әйел аудандық мәслихаттың VIII шақырылымының депутаты Аяптан қорғауды сұрап, видео үндеу жариялаған.
«Ол мені үйіне шақырып, еш себепсіз ұрып-соғып, балағаттады. Тіпті, ауылдан кетіремін деп қорқытты», – деді Намазбаева.
Құқық қорғау органдары Жарлы ауылы тұрғынының арызы негізінде депутатқа қарсы сотқа дейінгі тергеуді бастаған.
Алайда заңдылық жөніндегі комиссия мүшесі болған халық қалаулысы айыптауларды жоққа шығарып, жала деп атады. Кеше 2023 жылғы сайлауда 265 дауыс жинаған депутатқа қатысты қылмыстық істің жабылғаны белгілі болды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»TELEGRAM арнасынан табасыз.