Министрліктерге тиісті тапсырмалар берілді.
Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды: 42 мыңнан астам азамат әскери борышын өтейді
Фото: Қорғаныс министрлігі
3,151
оқылды

Қазақстанда 18 бен 27 жас аралығындағы 42 098 азамат көктемгі әскерге шақыру науқаны аясында мерзімді әскери қызметке жіберіледідеп хабарлайды Aikyn.kz.

Үкімет қаулысына сәйкес, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдеріне шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастыру тапсырылды. Әскерге шақырылған азаматтар заң бойынша кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы болмаса, әскери борышын өтеуге міндетті. Сонымен қатар шақыру учаскелерінде медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру жүктелген.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақырылғандар жиналатын және әскерге жіберілетін орындарда күшейтілген кезекшілік ұйымдастыру тапсырылды.

Ал Қазақстан Республикасының Көлік министрлігіне әскери қызметке шақырылған азаматтарды Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі және Мемлекеттік күзет қызметінің өтініші бойынша тасымалдауды қамтамасыз ету міндеттелді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»TELEGRAM арнасынан табасыз.