Әнші өзінің әйелін талғамы жоғары, білімді тұлға ретінде сипаттады.
«Кейде сырласуға білімім жетпейтін сияқты»: Дастан Оразбеков жұбайын әбден мақтады (видео)
Фото: видеодан кадр
7,016
оқылды

Бұрынғы ORDA тобының әншісі Дархан Оразбеков Әйгерім Сейфоллаға берген сұхбатында әйелінің жақсы қасиеттерін сөз етіп, мақтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Мен әйелімді өзіне не керегін нақты білетіндіктен, қатты құрметтеймін. Онымен санасу керек. Талғамы бар адам. Беталды әр жерге шапқылап жүре беретін адам емес. Бетке тік айтады», – деді әнші.

Әйелінің тағы бір жақсы қасиеті ретінде ол оның білімін ерекше атап өтті. 

«Талқылайтын дүние көп. Кейде менің білімім жетік емес шығар деген ойға да келем. Әлде де талқылар тақырыбымыз көп болар ма еді?! Дегенмен менің ойымша, екеуміздің тәжірибеміз екі бөлек, сол екі әлем қосылып, біздің қарым-қатынасымыз құралатын сияқты», – деді Оразбеков.

Жанат Оразбекова Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰЗТУ-ді бітіріп, техникалық маман иесі атанған екен.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»TELEGRAM арнасынан табасыз.