Қазақстан құрамасының өкілі 500 метр қашықтықта ең үздік нәтижені көрсетті.
Қазақстандық спортшы Нидерландта өткен жарыста бірінші орын алды
olympic.kz
448
оқылды

Қазақстандық конькиші Евгений Кошкин Нидерландтың Херенвен қаласында өткен әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Қазақстан құрамасының өкілі 500 метр қашықтықта ең үздік нәтижені көрсетті. Ол бұл арақашықтықты 34,46 секундта жүгіріп өтті.

Мәреге екінші болып канадалық Лорен Дюбрель жетті – 34,51 секунд. Ал үшінші орынға нидерландтық Еннинг Де Боо ие болды – 34,52 секунд.

Айта кетейік, бұған дейін дәл осы әлем кубогы кезеңінде Кошкин қола жүлде жеңіп алған еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз