Болгария төріндегі алғашқы отандық финал 63,5 келідегі Ертуған Зейнуллинов мен Мұхаммедсабыр Базарбайұлының арасында өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұған дейін Қазақстан чемпионатының жартылай финалы мен Париж Олимпиадасының іріктеу спаррингінде есе жіберген Ертуған осы жолы реванш жасап қана қоймай, бірінші рет чемпион атанды.
Осы салмақта бұған дейін 2018 жылы Сабыржан Бекбергенов алтын медальді еншілеген болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.