Ақтауда ауа райына байланысты оқушылар қашықтан оқиды.
Боран салдарынан көлік қозғалысына шектеу қойылып, балалар онлайн оқитын болды
Фото: gov.kz
408
оқылды

Ақтауда қолайсыз ауа райына байланысты мектепалды даярлық топтары мен 1-11-сынып оқушылары бүгін сабақты қашықтан оқиды. Бұл туралы қалалық білім бөлімінің ақпаратына сәйкес Аikyn.kz хабарлайды .

Сонымен қатар өңірде боран салдарынан көлік қозғалысына шектеу қойылған. «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолының 332-718-шақырым аралығында (Бейнеу-Жетібай ауылы) жол жабық.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.