2 наурыз күні Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының Басқұдық ауылындағы жеке тұрғын үйде бір отбасы мүшелерінің улану оқиғасы болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құтқарушылар мен жедел жәрдем бригадалары оқиға орнына жеткен кезде үйден жеті адамды тапты, олардың бесеуі кәмелетке толмаған балалар. Барлығы оқиға орнында қайтыс болды.
Маңғыстау облысы ТЖД-нің алдын ала болжамы бойынша, қайғылы оқиға газ жабдықтарын пайдалану ережесін бұзу салдарынан болған. Қаза тапқандар – Қазақстанда уақытша тұрып жатқан Өзбекстан азаматтары.
Төтенше оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.
Қайтыс болған отбасының туыстарына жан-жақты көмек беріледі, соның ішінде жерлеу рәсімін ұйымдастыруға қолдау көрсетіледі.
Аталған оқиға Маңғыстау облысы әкімінің жеке бақылауында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.