Қазақстандық оқушылар жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсына 700 жоба ұсынды.
Оқушыларға 32 ректор гранты табыс етілді
Фото: istockphoto
168
оқылды

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» РҒПО жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының республикалық кезеңін қорытындылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Конкурстың басты мақсаты – оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және қолдау, сондай-ақ еліміздің зияткерлік әлеуетін қалыптастыру.
Конкурстың қорытынды республикалық кезеңінде 900-ге жуық оқушы бақ сынады, оның ішінде ауылдық елді мекендерден 132 оқушы қатысты. Ауыл оқушыларының білім додасына қатысуы биылғы жылы 112,9 пайызға артып отыр, өткен жылы 62 оқушы қатысқан болатын, - делінген хабарламада.

Конкурс екі кезеңде өткізілген: жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша. Конкурстың қазылар алқасының құрамында еліміздің беделді жоғары оқу орындарының профессор ғалымдары болған.

Марапаттау қорытындысы бойынша, 263 оқушы жаратылыстану-математикалық бағытта, 148 оқушы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар жеңімпаздар мен жүлдегерлерге еліміздің жетекші жоғары оқу орындарына 32 ректор гранты табыс етілді.

Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерден ең үздік жобалар АҚШ-та (Огайо штаты, Колумбус) 10-16 мамырда өтетін Regeneron ISEF-2024 Дүниежүзілік ғылым және техника көрмесіне Қазақстанның атынан қатысады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.