Шекара қызметі Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушылар туралы цифрлар ұсынды.
Шекара қызметі: Барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп тұр
455
оқылды

 

ҰҚК Шекара қызметінің ақпан айындағы іс-қимыл нәтижелері туралы мәліметті Aikyn.kz хабарлайды.

Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2025 жылғы ақпанда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып:

  • шекара кеңістігінде 3 216 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушы  ұсталды, соның ішінде:

18 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталды;

8 шетел азаматымен шекараны бұзу әрекеттерінің жолы кесілді.

  • Мемлекеттік шекара арқылы 1 552 заңсыз алып өту фактісінің алды алынды, соның ішінде:

33 – есірткі заты, сондай-ақ 800 литр прекурсор;

71 – қару мен оқ-дәрі  (4 дана ату, 1 дана сигналдық, 135 дана суық қару, 1 дана граната, 50 дана оқ-дәрі, 13 дана электрошокер);

29 – діни әдебиет (555 дана);

638 – жалпы сомасы 20 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалы (54 000 литрден астам);

627 – жалпы сомасы 3,7 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауары;

154 – жалпы сомасы 1,6 млрд теңгеден астам шетел валютасы.

  • Каспий акваториясында 7 браконьерлік фактінің алды алынды, сондай-ақ:

4 дана жүзу құралы;

жалпы ұзындығы 13,6 шақырым торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;

87 дана (522,3 келі) бекіре тұқымдас балықтар;

алды алынған залал сомасы 205 млн теңгені құрайды.

Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді. Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ, барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеуде, –  делінген ресми мәлімдемеде.