Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері туралы мәлімет.
«Странджа кубогы»: қазақ боксшылары 5 алтын, 9 күміс, 4 қола медаль еншілеп,  топ жарды
Фото: istockphoto
429
оқылды

Жанкүйерлер мен спортшылар үшін өткен апта спорттық сайыстар мен жеңісті сәттерге толы болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бокс: Болгарияда өткен 76-шы «Странджа кубогы» турнирінде Қазақстан құрамасының боксшылары 5 алтын, 9 күміс, 4 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте топ жарды. Ұлттық құрама мүшесі Төрехан Сабырхан турнирдің үздік боксшысы атанды.

Конькимен жүгіру: Ұлттық құрама спортшысы Евгений Кошкин Нидерландтың Херенвен қаласында өткен әлем кубогы кезеңінде бір алтын, бір қола медаль жеңіп алды.

Көркем жүзу: Франция астанасы Париждегі әлем кубогының алғашқы кезеңінде отандастарымыз бір алтын, екі күміс жүлде олжалады.

Брейкинг: Индонезияда ұйымдастырылған Fresh Mo Jam халықаралық рейтингтік турнирінде Диас Әубәкіров топ жарды. Ол финалда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Виктор Монтальводан басым түсті.

Күрес: Албания астанасы Тиранада өткен рейтингтік турнирде Ұлттық құрама спортшылары 1 алтын, 1 күміс, 6 қола медаль еншіледі.

Дзюдо: Ташкенттегі (Өзбекстан) Grand Slam жарысында Абылайхан Жұбаназар қола медаль жеңіп алды.

Фристайл-могул: Алматыдағы әлем кубогы кезеңінде отандасымыз Анастасия Городко қола медальға қол жеткізді. Анастасия кіші финалда америкалық Тесс Джонсоннан озып кетті.

Таэквондо: Болгария астанасы Софияда өткен Bulgaria Open G1 турнирінде Қазақстан командасы 1 алтын, 5 күміс және 8 қола жүлдеге қол жеткізді.

Су добы: Қытайдың Чжаоцин қаласында мәресіне жеткен Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы қола медаль жеңіп алды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.