Марқұмның денесінде ешқандай жарақат іздері болмаған.
Атырауда қараусыз қалған ғимараттан ер адамның мәйіті табылды
azh.kz
707
оқылды

1 наурыз күні Атырауда Сырым Датов көшесіндегі қараусыз қалған ғимараттан үй-күйсіз ер адамның мәйіті табылды,  деп хабарлайды Aikyn.kz "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүріп жатыр.

–  Ер адам суықтан үсіп өлген болуы мүмкін, бірақ соңғы қорытындыны сот-медициналық сараптама жасайды, –  делінген ақпаратта.

Полицейлер марқұмның жеке басын анықтап, оның 1987 жылы туған ер адам екенін хабарлады. Оның денесінде ешқандай жарақат іздері болмаған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.