Көп дүниені ішінде сақтап, дер кезінде айтпағаннан түсініспеушіліктер көбейген.
«Қызды гүлді күткендей мәпелемесе, ол да солады»: Балжан Бидаш неліктен ажырасқанын айтты
Фото: instagram.com/bidash_official
931
оқылды

Жаһан Отарғалиевтің бұрынғы әйелі Балжан Бидаш онымен неліктен ажырасқанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.  

«Ажырасқаннан кейін түсінгенім – адам өзін жақсы көруі керек. Отбасында  болсын, қыз бен жігіт болып жүргенде болсын өз қалауын айтып, ортақ келісімге келе білуі керек. Мен көп нәрсені ішімде сақтап жүретінмін, өйткен ұрыс-керісті ұнатпаймын. Солай реніш те ұлғая береді екен. Тұрмысқа шыққанда да әйел өзін дамытуды ұмытпау керек. Біреуге сеніп, бар өміріңді сол адамға тапсырып қоюға болмайды, алда не болатынын ешкім білмейді. Өзіңізді алып шығатын ең болмаса біліміңіз болу керек», – деді әнші. 

Оның айтуынша, ажырасқаннан кейін әнші жұмысқа барынша кірісіп, қайғыруға да уақыты болмаған. Шығармашылықты сағынғанын да жасырмады. Сонымен қатар ол өзінің Stories-терінде ойының жалғасы іспеттес жазба қалдырды.

«Әйел адам гүл секілді. Оны уақытылы суарып, баптап, көңіл бөлмесең, ол да солады. Әдемілігі көрінбейді», – делінген жазбада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.