«ҚазАвтоЖол» екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Алматы облысы:
3 наурызда сағат 18:30-да ауа райының бұзылуына байланысты "Алматау турбазасына кіреберіс" автожолының 0-15 шақырым аралығында (Тұздыбастау ауылынан Бесқайнар ауылына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.
Жолды 4 наурызда сағат 12:00-де ашу жоспарланған.
Сонымен қатар 3 наурызда сағат 19:30-да ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық автожолда барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
Қызылорда облысы:
– «РФ шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1474-2046 шақырым аралығы (Әйтеке би а. – Бесарық а.).
Жолды 4 наурызда сағат 06:00-де ашу жоспарланған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.