Тиранада (Албания) күрес түрлерінен ірі халықаралық турнир аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ҚР ҰОК мәліметінше, жарыста Қазақстан құрамасы сегіз медаль жеңіп алды. Жалғыз алтынды Жәмилә Бақбергенова (72 келіге дейін) иеленді. Эльмира Сыздықова (76 келіге дейін) әйелдер күресінде қола медальға ие болды.
Грек-рим күресінде Ерасыл Мамырбеков, Ерсін Абыр (55 келіге дейін) және Бағдат Сабаз (67 келіге дейін) үшінші орынға тұрақтады.
Ұлттық құрама еркін күрестен де үш жүлде жеңіп алды. Болат Сақаев (86 келіге дейін) екінші орын алса, Мұхамед Балғабай (61 келіге дейін) және Рүстем Мырзағалиев (86 келіге дейін) қола жүлде еншіледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.