30 мамырдан бастап Шымкенттен Үрімшіге тікелей ұшатын рейстерге билеттер 28 ақпаннан бастап сатылымға шықты.
Көктемде SCAT әуекомпаниясы жаңа халықаралық рейстерді іске қосады
Фото: istockphoto
198
оқылды

2025 жылғы 30 мамырдан бастап SCAT әуекомпаниясы «Шымкент – Үрімші» бағытында тікелей әуе рейстерін іске қосады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жаңа әуе бағыты Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыстарды нығайтып, туристік және іскерлік сапарларды одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

Рейстер кестесі:
▫ Шымкент – Үрімші: сейсенбі, жұма
▫ Үрімші – Шымкент: сәрсенбі, сенбі

Ұшу ұзақтығы: небәрі 2 сағат 20 минут.
28 ақпаннан бастап Шымкент – Үрімші бағытына билеттер сатылымға шықты.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.