Сотталушылар әкімшілік жауаптылыққа тартпағаны үшін кәсіпкерлерден бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Қарағандыда облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті басқармаларының басшылары сотталды
Фото: gov.kz
243
оқылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қоғамдағы заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады.

Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық соты жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтары үшін облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті басқармаларының басшылары М. Ақбиев, Б. Мұқашев, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызмет субъектілері А. Балацкая, Х. Бекишев, Н. Бекшин және И. Андриенко сотталды. Бұл туралы Aikyn.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ақпараты негізінде хабарлайды. 

Лауазымды тұлғалар кедендік бақылау саласындағы жол берілген бұзушылықтар бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартпағаны үшін кәсіпкерлерден бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Ақбиев пен Мұқашевке тиісінше 21,7 млн теңге және 2,5 млн теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.
Осы үкіммен пара берушілер А. Балацкая, Х. Бекишев, Н. Бекшин және И. Андриенко 540 мыңнан 3 млн теңгеге дейінгі айыппұлдарға сотталды. Сонымен қатар, сотталғандарға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынады, – делінген хабарламада.

Сот актісі заңды күшіне енді.
ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.