«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасының Экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Ерсайын Хамитов «Отбасы Банкі» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ерсайын Хамитов 1983 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы.
2004 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін Қаржы және несие мамандығын шетел тілін білетін экономист-қаржыгер бойынша және Мәскеу мемлекеттік университетінің экономика факультетін MBA бағдарламасы бойынша бітірген.
2022 жылы «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасының Экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болып тағайындалған, 2016 жылдың ақпан айынан бастап Директорлар кеңесінің шешімімен холдинг басқармасының мүшесі.
2009-2014 жылдары «Самұрық-Энерго» АҚ Инвестицияларды басқару департаментінің бас менеджері. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Корпоративтік қаржы департаментінің бас менеджері, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Корпоративтік қаржы департаментінің директоры қызметтерінде болды.
2004 жылдан бастап 2009 жылға дейін «Қазақстан Халық банкі» АҚ (Қостанай филиалы) кредиттік талдау секторының меңгерушісі, «Қазақстан Халық банкі» АҚ Кредиттік талдау департаментінің бас талдаушысы, «БТА Банк» АҚ Корпоративтік бизнес басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.