Reuters агенттігінің хабарлауынша, Трамп Украинаға әскери көмек көрсетуді тоқтатқан. Жеткізу бүгін Киев уақыты бойынша 3:30 шамасында тоқтатылды, бірақ Украинада бұл туралы білмейді, премьер-министрдің өзі естімеген көрінеді, деп хабарлайды Aikyn.kz.
Украина премьер-министрі Денис Шмыгальдың айтуынша, АҚШ-тың көмегі жалғасын табады. Ал бұрынғы АҚШ президентінің әкімшілігі кезінде пакеттерде жазылған барлық көмек Украинаға жіберілді.
Шмыгаль кеше кешке көмек тоқтатылғаны туралы ақпарат келіп түспегенін айтты.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.