8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай жәрмеңкеде гүлдер де сатылады.
Астанада 7-9 наурыз аралығында мерекелік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Фото: gov.kz
740
оқылды

Елордада 7, 8 және 9 наурыз күндері мерекелік қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Астана әкімдігіне сілтеме жасап.

Жәрмеңкеге Қазақстанның әр өңірінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан өнімдерін, табиғи шырындарды, консервілерді және т.б. сатып ала алады.

Сондай-ақ 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай жәрмеңкеде гүлдер де сатылады.

Іс-шара 7, 8 және 9 наурыз күндері сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы «Көктал» сауда ойын-сауық орталығында өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.