Қазақстанда жастардың 22%-ы қаржыны депозиттерде сақтайды екен.
Жастар депозиттер туралы не ойлайды және отбасын қаншалықты жиі құрады?
Фото: istockphoto
1,376
оқылды

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры осындай тұжырымға келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қор Elim маркетингтік және әлеуметтік зерттеулер институтымен бірлесіп, жұртшылық арасында сауалнама жүргізген.  Оған жалпы 4 000 респондент қатысқан. Олардың ішінде шамамен 1 000 адам – 18-ден 29 жасқа дейінгі жастар.       

Сауалнама көрсеткеніндей, 18-29 жас аралығындағы ұл-қыздардың 70% – үйленгендер және тұрмысқа шыққандар. Үштен бірі кәсіпкерлік, қызметтер көрсету және сауда салаларында, 9% – экономика және қаржы саласында, тағы 4%-ы – банк секторында жұмыс істейді. 16% – экономиканың нақты секторларында (өнеркәсіп, көлік және байланыс, құрылыс, ауыл шаруашылығы) еңбек етеді, креативті салаларда – білім, ғылым және мәдениетте 7% шоғырланған. 6% – IT саласында мансап құруда, ал 2% – мемлекеттік басқаруда.

ҚДКБҚ сауалнамасына сәйкес, қазақстандық жастардың үштен бірі ақшаларын банктік депозиттерде сақтайды. Бұл жалпы үрдіске сәйкес келеді: респонденттердің бүкіл жиынтығында банк салымшыларының үлесі сол 33%-ды құрады.

Қандай валютаға басымдық беретіндігі туралы сұраққа жауап бере отырып, жас респонденттердің 80%-ы теңгелік депозиттерді, ал 10%-ы валюталық депозиттерді, қалғандары валюталарды үйлесімді пайдаланады немесе нақтылап көрсетуге қиналған.      

Қалалық болсын, ауылдық болсын, жас респонденттердің 22%-ы ақшаларын күтпеген жағдайларға деп «қауіпсіздік көпшігі» ретінде депозиттерде сақтайды. Қалалық жастардың 16%-ы ақшаларын жылжымайтын мүлік алу үшін жинайды. Жалпы, еліміз бойынша жастардың 2%-ы балаларының болашағы туралы бүгіннен бастап ойлайды. Жас респонденттердің 4%-ы ақшаларын білім алуға жинаса, 5%-ы өзінің немесе отбасылық бюджетін салым бойынша пайыздар арқасында толықтыру идеясын тартымды деп санайды.

Сондықтан әрбір үшінші 18-29 жаста салымшы банкті таңдай отырып, жоғары пайыздық мөлшерлемеге назар аударады. Банктердің жас салымшыларының сондай дерлік үлесі ыңғайлы мобильді банкингті және депозиттен ақша алудың және оған ақша салудың ыңғайлы мүмкіндіктерін бағалайтындықтарын атап өткен. Салымшылардың 10%-ы бонустар, кэшбек және сол банкте кредит алу мүмкіндігі маңызды деп санайды. Респонденттердің төрттен бірі (24%) депозитті аша отырып, банктің беделін ескереді.  

Әзірге депозит ашпаған, банктің клиенті болып табылмайтын жастардың арасында (21%) банк карточкалары танымал. 15%-ы – инвестициялық құралдарды – алтынды, бағалы қағаздарды, жылжымайтын мүлікті пайдаланады. 4%-ы – қолма-қол ақшаны пайдаланғанды қалайды. Респонденттердің 47%-ы, олардың ішінде 63%-ы – қалалық жастар, 37%-ы – ауыл жастары – әзірге жинақ ақшаларының жеткілікті емес екендігін алға тартады.   

Сонымен қатар қазақтілді жастардың қатысуымен фокус-топтық талқылау жүргізілген. «Қатысушылар бюджетті жоспарлау қажеттілігін атап өтті, алайды әдеттегідей бір аймен шектеледі. Депозиттерді ақша жинауда және қаржылық мақсаттарға жетуде сенімді құрал деп қабылдайды. Сондай-ақ қатысушылар тұрғын үйді ойдағыдай сатып алу мысалдары да депозит ашуға ынталандыратынын атап өтті», – деп мәлімдейді Elim.

Elim маркетингтік және әлеуметтанулық зерттеулер институтының зерттеушілері атап өткеніндей, осы аудитория арасында қаржылық сауаттылық мәселелері елеулі қызығушылық тудыруда. Атап айтқанда, фокус-топқа қатысушылар егер банк дәрменсіз болып танылса, ҚДКБҚ депозиттердің иелеріне қайтарылатынына кепілдік беретініне  сенімділік білдірген.   

Еске саламыз, егер банк лицензиясынан айырылса, салымшылардың – жеке тұлғалардың өтем алу құқығы заңда қарастырылған. ҚДКБҚ максималды кепілдік сомалары депозиттің түрі мен валютасына тікелей байланысты және мына сомаларды құрайды:  

  • теңгедегі жинақ салымдар бойынша – 20 миллион теңге;

  • теңгедегі жинақ салымдардан басқа карточкалар, шоттар және депозиттер бойынша – 10 миллион теңге;

  • шетел валютасындағы салымдар, карточкалар және шоттар бойынша – 5 миллион теңге.                                Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.