Түркістан облысында жол-патрульдік полиция инспекторы қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов өзінің Facebook-тағы парақшасында жазба жариялады.
– Қызметтік міндетін атқару барысында құқық бұзушыны қуу кезінде қаза тапқан Түркістан облысы Полиция департаментінің жол-патрульдік полиция инспекторы, полицияның аға лейтенанты Қанат Ғабитовтың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын, – деп жазды министр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.