FlyArystan әуе билеттерін сату кезінде транзакция үшін комиссия алу арқылы әуе билетінің құнын арттырған.
«Жасырын комиссиялар қосып отырған»: FlyArystan билет құнын заңсыз қымбаттатқан
Фото: istockphoto
2,455
оқылды

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі FlyArystan әуекомпаниясы авиабилеттердің құнын заңсыз қымбаттатқанын мәлімдеді,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Талдау барысында  брондаудың кезінде билет құнына автоматты түрде жасырын комиссиялар қосылып отырғаны анықталды.

«Авиатасымалдаушы әуе билеттерін сату кезінде транзакция үшін комиссия алу арқылы әуе билетінің құнын арттырған. Бұл drip pricing деп аталады, демек, «тамшылап баға өсірген». Негізінен еуропалық заңнамада бұған мүлдем тыйым салынған. Осы фактілерді біз анықтап, авиатасымалдаушыға қатысты монополияға қарсы заңнаманы бұзуды тоқтату туралы хабарлама жолдадық. Ол кейіннен орындалды»,  деді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров БҚДА алқа отырысында.

Қазіргі уақытта Агенттік ішкі авиатасымалдар нарығына қатысты монополияға қарсы талдау жүргізуде.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.