Атырау облысы Қызылқоға ауданында Сағыз ауылынан 20 шақырым жерде "Урал" автокөлігіне мінген мұнай компаниясының жұмысшылары қар құрсауында қалып қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Көмекке ТЖМ қызметкерлері «Трэкол» жол талғамайтын көлігімен шықты. Қар басқан жолмен бірнеше шақырым жол жүріп, құтқарушылар Сағыз ауылына 10 адамды эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.