Коронавирус жұқтырған Алматының тұрғыны жауапқа тартылды
Коронавирус жұқтырған Алматының тұрғыны жауапқа тартылды
Фото: Интернеттен алынды
188
оқылды
Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, коронавирус жұқтырған алматылық жауапқа тартылды. «Коронавируспен ауыратын науқастардың бірі – азаматша Б. кез келген жағдайда санитарлық қызметтердің жұмысына кедергі келтіріп, вирус жұқтырғаннан кейін онымен байланысқан азаматтардың мәліметтерін беруден әдейі бас тартты. Әйелге Қылмыстық кодекстің 304-бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартылды» делінген хабарламада. Алматы полициясы осы жағдайды ескере отырып, тұрғындарды коронавирус инфекциясын анықтау және алдын алу бойынша қалалық қызметтерге барынша көмек көрсетуге және қабылданған шараларға түсіністікпен қарауға шақырады.