“Қойшы бала” лақап атымен танылған жас әнші Айдос Кәден өзі туралы түрлі әңгіме айтылып жатқанын жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол әлеуметтік желіде қиналып жүргенін айтып, жазба жариялады.
“Бір жыл. Әлі сол әңгіме артымнан қалмады. Адам өлтіргендер де тойлатып жүр, ал мен өтірік күліп жүрмін. Ит үреді, керуен көшеді. Бұл сөздер де аяқталар", – деп жазды жас әнші.
Желі қолданушылары жас өнерпаздың бұрыс әрекетке барғанын тағы атап өткен.
"Су ішкен құдығына түкірген адам болып тарихта қаласың, інім", "Жігердің сенімін ақтамадың. Ол сен сияқты хайп қуалап кеткен жоқ, шын ниетімен көмек берді", "Сатқындық деген дүниенің ұмытылуы қиын ғой", “Бәрі жақсы болады, Жігер ағаңа қайтып бар” деп жазды көпшілік.
Айта кетейік, әнші Жігер Ауыпбаев жас өнерпазға қолдау білдіріп, үлкен сахнаға шығарған еді.
@koishy_bala_official_ Ит үреді, Керуен көшеді. Бұл сөздерде аяқталар. ————————————— ##рек##рекомендации##сатқындық💔😓##өмірғой##өмір##сынақ##сынаққадесберме##өмірсынақ ♬ Табиғатым - Izbasar Kenesov
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.