Актер әрі спортшы Еркебұлан Тоқтар танымал болған кезде қандай жағдайды бастан өткергенін айтып берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол университет бітіргеннен кейін, 22 жасында шығармашылыққа бет бұрып, киноға түскенін айтты.
«Жұлдыз ауруы басталды. Киноға түсе бастадым. Салаға етене араласа кеттім. Ондағы адамдардың қандай екенін көрдім, бірақ оларды жамандыққа қиып жатқан жоқпын. Әркімнің өз таңдауы бар, бірақ еліктегенім рас. Әр жұма, сенбі клубтарға барып, қыдырғанымды жасырмаймын. Мен кезінде ішетінмін. Сол берекені қашырған, менің ойымша. Мен сол кезде де ақша табатынмын, бірақ соның жемісін көрген жоқпын. Неге, не үшін ішкенімді білмеймін», – деді актер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.