"Астана-Қарағанды-Алматы" автожолында жол жабылды.
Республикалық автожолдарда көлік қозғалысын шектеу туралы шұғыл ақпарат
Фото: istockphoto
182
оқылды

«ҚазАвтоЖол» Қарағанды облысында көлік қозғалысын шектеу туралы шұғыл ақпарат жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

2025 жылғы 6 наурызда сағат 06:30-да ауа райының бұзылуына байланысты "Астана-Қарағанды-Алматы" автожолының 1505-1855 шақырым аралығындағы учаскесінде (Атамекен ауылынан Балқаш қаласына дейін) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Жолды 2025 жылғы 6 наурызда сағат 15:00-де ашу жоспарланған, – делінген хабарламада.

Ал Қостанай облысының республикалық автожолдарында қысқы күтіп-ұстау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жолшылар жолдың бойын қардан тазалап, көктайғаққа қарсы материалдар себуде.  

Сондай-ақ 6 наурызда сағат 07:30-да келесі республикалық маңызы бар автожолдарда жеңіл көлік түрі үшін қозғалыс ашылады:

Ақтөбе облысы : – "РФ шекарасы-Мәртөк-Ақтөбе-Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент-Тараз-Қордай-Алматы-Хоргос-ҚХР шекарасы" автожолының 965-1240 шақырым аралығы (Қарабұтақ ауылы-Қызылорда облысы шекарасы);

Қызылорда облысы: – "РФ шекарасы-Мәртөк-Ақтөбе-Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент-Тараз-Қордай-Алматы-Хоргос-ҚХР шекарасы" автожолының 1240-1362 шақырым аралығы (Ақтөбе облысы шекарасы-Арал қаласы); 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Жүргізушілерден қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескеру сұралады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.