ҚР Сыртқы саяси ведомствосының басшысы Кипр президенті Никос Христодулидистің қабылдауында болды.
Қазақстан-Кипр: Ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды
283
оқылды

Кипр тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Кипр Республикасына алғашқы ресми сапармен барды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында соңғы уақытта қол жеткізілген екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейі және оны одан әрі нығайтуға деген көзқарас аталып өтті.

Н.Христодулидис 2019 жылы Кипрдің Сыртқы істер министрі бола отырып, Қазақстанға сапармен барды және сол сапар арқылы саяси диалогты дамытуға әрі сауда-экономикалық байланыстарды жандандыруға елеулі серпін берілді.

Қазақстан Үндістанмен қатар Кипр тарапымен Азия бағытындағы басым мемлекет ретінде белгіленді.

Өз кезегінде М.Нұртілеу Кипр көшбасшысына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жеткізіп, Кипр еліміздің Еуропалық одақ пен Жерорта теңізіндегі сенімді серіктесі екенін мәлімдеді. Сондай-ақ Кипр 2005 жылдан бері Қазақстан экономикасына 4,8 млрд доллар инвестиция салғаны айтылды, – делінген хабарламада.

Сұхбаттастар екі елдің астаналарында елшіліктердің өзара ашылуын құптады, бұл түрлі салаларда серіктестіктің жаңа мүмкіндіктерін құру үшін маңызды қадам болды.

Тараптар сондай-ақ сауда, көлік, цифрландыру және туризм салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларының бар екенін растады. Сонымен қатар жаһандық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері туралы пікір алмасты.

Қазақ делегациясының Кипрде болуы барысында М.Нұртілеудің Кипр Сыртқы істер министрі Константинос Комбоспен және іскер топтарымен кездесулері жоспарланған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.