Төтенше жағдай министрлігінің мәлімдеуінше, 1-5 наурыз күндері, яғни соңғы бес тәулік ішінде қатты жел тұрып, қар жауып, боран соғуына байланысты авариялық-құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілген.
Олардың мәліметінше, 255 адам құтқарылып, 100 автомашина қар құрсауынан шығарылған. 306-ға жуық авариялық-құтқару және іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізілген.
"ТЖД күшімен өтімділігі жоғары техникасында автожолдардың күрделі қарлы учаскелерінде адамдардың және кептелісте қалған автокөліктердің болуына патрульдеу жүргізілді. Құтқарушылар халыққа көмек көрсетіп, автожолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, тәулік бойы жұмыс істеуді жалғастыруда", – делінген ақпаратта.