Енді көлік құралдары мен шасси түрлерінің рұқсаттарын тексеру қатаңдатылмақ. Бұл туралы Техникалық реттеу және метрология комитеті мәлімдеді.
2025 жылғы 23 ақпанда Көлік құралы мен шасси типін мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігін тексеру жөніндегі қағидаларға енгізілген өзгерістер күшіне енді. Бұл қағидалар Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 397-НҚ бұйрығымен бекітілген.
"Сәйкестікті растау жөніндегі органға көлік құралы мен шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігін тексеру үшін ұсынылатын құжаттар тізімі толықтырылды. Енді осы құжаттарға сәйкестік туралы декларация және техникалық сараптама хаттамасы қосылды. Бұл құжаттар – көлік құралдарының типін сәйкестігін бағалаудың маңызды бөлігі. Шасси мен көлік құралы типін мақұлдауды рәсімдеуге негіз болған материалдарды тексеруді күшейту. Бұл өз кезегінде сәйкестікті бағалаудың құжаттарын рәсімдеудің сапасын арттырып, техникалық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікті нығайтуға мүмкіндік береді", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, техникалық хатшылық тексерудің оң нәтижесі бойынша көлік құралы мен шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігін тексеру қорытындысын рәсімдейді.