Жол ортасында қараусыз қалған бес жасар қыз құтқарылды.
Семейде әскери қызметші жолға шығып кеткен 5 жасар қызды аман алып қалды
www.gov.kz
213
оқылды

Абай гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің әскери қызметшісі майор Саят Оразбаев жол ортасында қараусыз қалған бес жасар қызды құтқарып қалды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайты жариялады. 

Олардың мәліметінше, Әуезов алаңына қарама-қарсы жерасты өткелінен шыққан Саят Оразбаев жолдың ортасында тұрған кішкентай қызды байқап қалған. Ол еш ойланбастан, балаға қарай жүгіріп, оны қауіпті аймақтан шығарып алды.

 – Баланың жолдың ортасына қалай шығып кеткенін байқамадым. Қолында қуыршағы бар екен. Жағдайды бірден бағамдап, бала үшін бәрін мүмкіндігінше тез әрі қауіпсіз жасауға тырыстым, – деді майор Саят Оразбаев.

Қыз бала жақын жердегі полиция бөлімшесіне жеткізіліп, ондағылар баланың ата-анасын іздеуге кірісті.

Әскери бөлім басшылығы майор С. Оразбаевқа бала мен жүргізушілер үшін қауіп туғызған жағдайды қауіпсіз шешкені үшін алғыс білдірді.