Президенттер сауда-экономикалық ықпалдастық мәселелерін талқылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентімен телефон арқылы сөйлесті
Ақорда
276
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты akorda.kz сілтеме жасап.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас достық, тату көршілік және одақтастық рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Президенттер сауда-экономикалық ықпалдастық мәселелерін талқылады.

Соның ішінде бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың табысты жүзеге асырылып жатқанын мәлімдеді.