Қазақстандық таэквондо федерациясының (WT) және Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің келісімімен Арал Садықов федерацияның Бас хатшысы болып тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Арал Садықов – спорттық менеджмент саласында мол тәжірибесі бар маман, Қазақстанда таэквондоны дамытуға айтарлықтай үлес қосқан тұлға. Жаңа қызметінде ол жоғары жетістіктер спортын дамыту, спортшылар даярлау жүйесін жетілдіру, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және таэквондоны ел ішінде кеңінен насихаттау бағыттарын үйлестіреді.
Оның тағайындалуы – Қазақстанның әлемдік таэквондо аренасындағы позициясын одан әрі күшейтуге жасалған маңызды қадам. Арал Садықовтың кәсіби біліктілігі мен басқарушылық тәжірибесі спортшылардың ірі халықаралық турнирлерге дайындалуына қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.