Соңғы уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау барысында қоғамдағы заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз етуге назар аудара бастады. Нәтижесінде, «Жетісу» футбол клубының директоры ұсталды.
Ол оқу-жаттығу жиындарын өткізу кезінде клуб футболшыларының тамақтануына бөлінген 31,9 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Залалдың толық өтелуіне және ауыр сырқаттың болуына байланысты Донсебаев мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынды және 7 жылға сотталды.
Талдықорған қалалық соты «Жетісу» футбол клубы» КМҚК директоры К. Донсебаевқа қатысты осындай үкім шығарды. Үкім заңды күшіне енді.